«Ралли Қазақстан» кезеңі қалай өтіп жатыр?

Бүгін раллишілер 327 шақырым арнайы учаскені жүріп өтеді

«Ралли Қазақстан» кезеңі қалай өтіп жатыр?

Елімізде «Ралли Қазақстан 2019» Әлем Кубогы кезеңінің екінші жарыс күні аяқталып, катарлық автошабандоз Нассер Салех Әл-Аттия жеңіске жетті. Мәре сызығын екінші болып голландиялық Бернхард Тен Бринке кесті, үздік үштікті Якуб Пшигонски түйіндесе, төртінші орынға француз Стефан Петерансельдің экипажы жайғасты. Екінші учаскенің қашықтығы 414 километрді құрады, бұл кезең «Ралли Қазақстан 2019» жарысының ең қашық раунды саналады.

«Ралли Қазақстан 2019» жарысы екінші күнінің маршруты Сенек елді мекенінен шығысқа қарай шөл арқылы айналма учаскені қамтыды. Арнайы учаске құмды алқап арқылы өтті, ралли қатысушылары осы кезеңнің барлық қиындықтарына төтеп бере алды. Кешегі кезеңде «Дакар» раллиінің қазіргі жеңімпазы Нассер Әл-Аттияның үздік нәтиже көрсеткеніне қарамастан, қорытынды есепте бірінші орын Сауд Арабиясынан келген Язид Әл-Раджиге (Overdrive Racing) бұйырды. Себебі, Нассер бейтараптандыру аймағының бірінде жылдамдықты арттырғаны үшін екі минуттық пенализация алды, осылайша ол екінші орынға көтерілді. Ал, бірінші күннің үздігі Әл-Раджи тек бесінші нәтижені ғана көрсетті.

Нәтижесінде жарыстың екінші күнінде ең қашық арнайы учаскені өзінің Toyota Hilux автокөлігімен ең жылдам болып катарлық Нассер Салех Әл-Аттия (Nasser Al Attiya Team) штурманы фрацуз Матьё Бомельдің көмегімен бағындырды. Экипаж қашықтықты 3 сағат 42 минут және 14 секундта өтті.

– Екінші арнайы учаскеден тез болса да, барынша ұқыпты жүріп өттік. Алда бізді тағы төрт күн жарыс күтіп тұр. Біз жеңіс үшін соңына дейін күресуді көздеп отырмыз. Құмда әлі келеңсіз жағдайға ұшырай қоймадық, автомобильдің моторы барлық қиындыққа төтеп беруде. Біздің бүгінгі нәтижеге көңіліміз толады, – деді Nasser Al Attiyah Team командасының штурманы Матье Бомель.

Қазақстандық дуэт Андрей Чередников пен Игнат Фальков сегізінші нәтижені көрсетті. Біздің команда қашықтықты 4 сағат 36 минут және 12 секундта бағындырып, жалпы есепте 9-шы орынды сақтап қалды.

29 мамырда раллишілерді үшінші жарыс күні күтеді, олар 327 шақырым арнайы учаскені жүріп өтеді. Бағыт Маңғыстау облысының сай тұсы, Кендерлінің шығысына қарай бет алады. Құм жоталары мен тасты жолдар арқылы жарыс қатысушылары дөңесті аймақ Үстірттің бойындағы жылдам трассаны басып өтеді. Жарыс бағыттары мен нәтижелері бойынша барлық ақпарат мына сілтемеде көрсетілген.