Журналистер теннис ойнады

Газет мақаласы Айқын" газеті №94

БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті. Аталған спорттық бәсеке TÚRKISTAN халықаралық саяси апталығының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Журналистер теннис ойнады

Қолына қалам ұстап, халық пен билік арасындағы алтын көпір болған тілшілер қауымы, тіпті, теннис ракет­ка­сымен де өрнекті ойын өткізе алаты­нын дәлелдеді. Турнирдің бас жүл­де­сін Жез­қаз­ғаннан арнайы келген «Сары­арқа» газе­тінің фототілшісі Ғалия Әбді­­ғап­па­ро­ва иеленді. «Үстел тенни­сі­­не жаным құмар. Қолым қалт ете қалса, ракет­камды алып, шар соқ­қан­ды жақсы көре­мін. «TÚRKISTAN басы­лы­мы тур­нир өткізгелі жатыр» деген хабарлан­дыру­ды көріп, Алма­ты­ға асық­тық. Жарыс жоға­ры деңгейде өтті. Журна­листер арасында бұл спорт түрі­мен машық­тан­ған жандар баршы­лық екен. Осын­дай іс-шаралар жиі болып тұрса дейміз. Ұйымдасты­рушы­ларға көп рақмет», – деді
Ғ.Әбдіғаппарова.

TÚRKISTAN халықаралық саяси апталығының бас редак­торы Қуат Әуес­бай: «Қалтай Мұхамеджанов негі­зін қалаған басылымның ерекшелігін көзіқарақты оқырман біледі. Сон­дықтан біздің ұжым өткізетін шаралар да ерекше болу керек. Ширек ғасырлық мерейтой қарсаңында концерт, жиын­дар өткізуге болушы еді. Бірақ әріптес­тер­дің басын қосып, спорттық жарыс­тар өткізуді жөн деп таптық. Бұл үрдіс бола­шақта TÚRKISTAN-ға тән ерек­шелік ретінде көпке үлгі болады деп ойлаймын», – деді.

Отызға жуық БАҚ өкілде­рі­нің басын қосқан шараға Мәдениет және спорт ми­нистр­лігі, Үстел теннис фе­де­ра­­циясы мен жеке кәсіпкерлер демеуші болды. Қатысушылар ішінде Талдықорған қаласы­ның журналистері айшықты өнер көрсетті. Атап айтсақ, «Талдықорған» газетінің бас редак­торы Данияр Сейсенбаев екінші орын­ды иеленсе, «Огни Алатау» басы­лы­мының өкілі Асхат Алтынбеков үшінші орын­ды қанжығасына байла­ды. «Тал­ды­қорғаннан Алма­ты­ға келген негіз­гі мақсат әріп­тес­термен қауы­шып, емен-жарқын әңгімелесу бола­тын. Оның үдесінен шықтық. Жүл­де­лі де болдық. Қуаныш­ты­­мын. TÚRKISTAN – түркі жұр­ты­­на ортақ танымал басы­лым. Студент кезімізде іздеп жүріп оқыдық. Қазақ журна­листика­сында өзіндік орны бар мектеп десек болады. Ширек ғасыр­лық мерейтой құтты болсын», – деді А.Алтынбеков. Тағы бір үшінші орынды TÚRKISTAN газе­ті­нің 2016 жылға дейінгі қызметкері Есенкүл Кәпқызы иеленді. Онан өзге министрлік тағайындаған арнайы жүлде­мен журналист Ақниет Оспан­бай, Жандос Айтбайұлы, Есен­құл Тоқтағұл марапаттал­ды.

 

Ақсұлу ЕДІЛҚЫЗЫ