Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы бір күндік жалақыларын аударады

Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы мен оған қарасты федерациялардың қызметкерлері әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында орын алған жарылыстардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақыларын аударады.

Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы бір күндік жалақыларын аударады

Ассоциацияның жергілікті жерлердегі өкілдіктері де көмектен қалыс қалмады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалардағы филиалдардан бөлек, өңірлерде құрылған өкілдіктер спортшылары да бір күндік жалақыларын аударады. 

Ассоциация Президенті Кәрім Қажымханұлы Мәсімов спортшыларды осындай қиын уақытта Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуға шақырды. 

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясының құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 20 федерация енді.