Михаэль Шумахер алты жылдық комадан кейін есін жиды

Ол қазір Париждегі Жорж Помпиду атындағы госпиталда ем қабылдауда

Михаэль Шумахер алты жылдық комадан кейін есін жиды

«Формула-1» жарыстарының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер алты жылдық комадан соң есін жинаған. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды. 

Француз басылымдарының мәліметінше, ол қазір Париждегі Жорж Помпиду атындағы госпиталда ем қабылдауда. Бұл ақпаратты растайтын ресми дерек көзі жоқ, дегенмен көптеген БАҚ спортшының ес жиғанын медбикелердің жария еткенін айтып, жарыса хабарлауда. 

Еске салсақ, 50 жастағы Шумахер 2013 жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Ол Альпі тауының шыңында шаңғы теуіп жүріп құлап, миынан ауыр жарақат алған.