Жақында ғана әлем чемпионы атанған Александр Винокуровқа түрмеге қамалу қаупі туды

Олар бұған дейін бірнеше рет өзара келісім жасасқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жақында ғана әлем чемпионы атанған Александр Винокуровқа түрмеге қамалу қаупі туды

Бұрынғы қазақстандық кәсіпқой велоспортшы, олимпиада чемпионы Александр Винокуровқа жарты жылға сотталу қаупі туып отыр. 

Сонымен қатар ресейлік Александр Колобнев те жемқорлыққа араласты және жарыстардың бірінде келісім жасады деп айыпталуда. Бельгиялық прокурорлар спортшылар үшін алты айға түрмеге жабу жазасын ұсынған. Сондай-ақ Винокуровқа 100 мың, ал ресейлік спортшыға 50 мың еуро айыппұл салынуы, ал олардың банк есепшоттарынан 150 мың еуро алынуы мүмкін. 

Алдын ала дерек көзінің мәліметіне сүйенсек, үкім 8 қазанда шығуы мүмкін. Бұған дейін «Льеж – Бастонь – Льеж» классикалық веложарысында (2010 жылы) жеңіске жету үшін Винокуровтың Колобневке 150 мың еуро ақша ұсынғаны туралы қауесет тараған. Олар бұған дейін бірнеше рет өзара келісім жасасқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып келді. 

2012 жылы Лондон олимпиадасында чемпион атанған қазақстандық велоспортшы қазіргі таңда «Астана» велокомандасының бас менеджері қызметін атқарады. Ол осыдан аз күн бұрын ғана Ниццада өткен әлем чемпионатында өз жас категориясы бойынша чемпион атанған болатын. Жарыс үш талап бойынша – жүзу, жүгіру және веложарыс бойынша өткізілген.

Олимпиада чемпионының өзі осы айыптауға қатысты пікір білдірген. 

«Бәрі бақылауда. Шынымды айтсам, қаншама жыл бойы осы мәселеге бас ауыртудан шаршап кеттім. Бәрінің тезірек аяқталғанын қалаймын және өзімнің ақ екеніме сенімдімін» дейді Винокуров.