Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №154

Майор Болат Булендин пауэрлиф­тинг­тен және оның жекелеген қимылдары бойын­ша ПҰҚ федерациясында әлем чем­пионы атан­ды. Сондай-ақ  GOLDEN TIGER – XIII  халықа­ралық муль­титур­ни­рінде 82,5  келіге  дейінгі дәрежеде 4 ал­тынды қанжығасына байлады.

Пауэрлифтингтен  әлем чемпионы атанды

Болат Булендин – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның жетістіктерінің тізімінде WRPF феде­ра­­ц­иясындағы әлем жеңімпазы, Азия чемпионы, пауэр­­лифтинг және жатып көтеру бойынша Қазақстан жеңім­пазы титулдары бар. Әскери қызметші өзінің ман­саптық жолында екі рет жаңа әлемдік рекорд орнат­қан.

Халықаралық GOLDEN TIGER –XIII муль­ти­тур­ни­рі – күш қолданатын спорт түр­лері­нің дәс­түрлі фес­тивалі болып есептеледі. Биыл жекпе-жекке 50 спорт түрі бойынша 9 000-ға жуық спортшы қатысты.