Tesla Қытайда ресми түрде автомобиль өндіреді, билік рұқсат берді

Қытайда Tesla компаниясы үкіметпен мақұлданған автомобиль өндірушілер қатарына кірді. Бұл туралы Reuters Қытайдың өнеркәсіп министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Tesla Қытайда ресми түрде автомобиль өндіреді, билік рұқсат берді
дереккөзден

Аutomotive Foresight Шанхай консалтингтік компаниясының басшысы Йель Чжан компания кез келген уақытта ел аумағында өз жұмысын бастай беретінін хабарлады.

Бұған дейін Tesla Шанхайда 2 млрд доллар тұратын зауыт салып жатқаны белгілі болған еді. Бұл зауыт Tesla-ның шетелде бой көтерген алғашқы өндіріс орны болмақ. Компания осы жылдың аяғында әлемдегі ең ірі автомобиль нарығында сатылымды ұлғайту және америкалық автомобильдерге жоғары импорттық баж салығының алдын алу үшін Шанхайдағы зауытта аптасына кем дегенде 1000-ға жуық Tesla Model 3 өндіруді жоспарлап отырғандарын хабарлады.

Қытай үшін бұл зауыттың құрылысы өзінің автомобиль нарығын шетелдік өндірушілерге танытуда үлкен қадам болмақ. Шанхай билігі Tesla-ға зауыттың құрылысын жеделдетуде көмек те ұсынған.

Tesla – электр энергиясын үнемдеу мақсатында электромобильдер шығаратын америкалық компания.Компания атауы бар әлемге танымал электротехник және физик Никол Тесланың құрметіне қойылған. Негізін 2003 жылы Мартин Эберхард пен Марк Тарпеннинг қалаған. Алайда компания Илон Маскты, Джеффри Брайн мен Иэн Райтты бірлескен құрылтайшы санайды.