Қазақстанда тұңғыш рет 5G іске қосылды

Қазақстанда бірінші болып 5G коммерциялық желісі Нұр-Сұлтанда іске қосылды. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

Қазақстанда тұңғыш рет 5G іске қосылды
дереккөзден
«Бүгін Astana Hub аумағында біз жаңа буындағы 5G желісін іске қосамыз. Ұялы байланыс желісіне жаңа стандартқа сәйкес жаңа жиілік диапазонында арнайы радио модульдермен қол жеткізуге болады», - деді елордада өтіп жатқан халықаралық технологиялық форумда «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов. Ол бұл үшін Astana Hub аумағы не үшін таңдалғанын түсіндірді.