Іскерлік ынтымақтастық

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 172

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚХР Ғылым және техно­ло­гиялар министрлігінің әлеуметтік дамуға арналған ғылым және технология департаменті медицина, биология және химия саласындағы ынтымақтастық жоспарларын белгіледі. ҚазҰУ рек­торы Ғалым Мұтанов пен ҚХР Ғылым және технологиялар ми­нистрлігінің әлеуметтік дамуға арналған ғылым және тех­но­ло­гия департаменті бас директорының орынбасары Тянь Бао­гуо­­мен болған екіжақты кездесуде болашақ бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін жасалатын нақты қадамдар айтылды.

Іскерлік ынтымақтастық

Бұл жобаға әлеуметтік-эко­но­ми­калық бағыттар кірген және олар­ды жүзеге асыру үшін универ­си­­тетте барлық жағдай мен ресурс бар. Мысалы, химия саласын­да дәрілік өсімдіктер мен биоло­гия­лық белсенді табиғи қосылыстарға уни­верситет ғалымдарының жүр­гіз­ген жұмыстары нәтижесінде, Қазақстанның табиғи шикізаттары негізінде жыл басында кампус аумағында дәрілік заттарды өндіру орталығы құрылды.

Кездесу барысында ҚХР деле­га­­циясы ЖОО-ның ғылыми-білім беру және халықаралық жұмыс­та­ры­­мен танысты. Атап айтқанда, ҚазҰУ-ға әлемдегі топ-500 қата­ры­на кіретін суперкомпьютер өн­ді­рушілерден үкіметтік грант бо­йын­ша суперкомпьютерлер әкелі­нет­ін болады. Бұл IT сала­сындағы мүмкіндіктерді және әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орын­да­рын біріктіретін Жаңа Жібек жолы университеттер альянсындағы ЖОО-мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты айтарлықтай кеңей­теді. Бүгінде ҚазҰУ аумағын­да халықаралық IT технопарк, суперкомпьютерлік және бұлттық есептеу орталығын құру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың таяудағы Қытай еліне сапары кезінде үкіметтік делегацияның құрамында болған ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов жоғары техноло­гиялық компаниялардың өкілдері­мен кездескен болатын. Ғылыми-тех­никалық ынтымақтастықты кеңей­ту мәселесі бойынша жүргі­зіл­­ген келіссөздер нәтижесінде, жоғары технологиялар саласында Inspur компаниясымен меморан­дум­ға қол қойылды. Шарт шеңбе­рін­де тараптар өнімділігі жоғары серверлерді, Қазақстанда дербес ком­пьютерлердегі деректерді сақ­тау жүйелерін және т.б. өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыратын болады.

Инновациялық технологиялар бойынша жетістіктерді талқылай келе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жасалған Аl-Farabi-2 қазақстан­дық наноспутнигі Калифорния шта­­тында (АҚШ) ғарыш айлағы­нан ұшырылғаны туралы ақпарат айтыл­ды. Наноспутник ғылыми, технологиялық және білім берудің бірегей міндеттерін шешуге арнал­ған. Сондай-ақ қонақтарға уни­вер­си­тетте ашылған Жерді қашық­тық­тан зондтау бойынша Қазақ­стан-Қытай орталығының және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асы­ру қызметтерінің жүзеге асы­рылуы туралы баяндалды.

ҚХР Ғылым және технология­лар министрлігінің Әлеуметтік да­му­ға арналған ғылым және тех­но­ло­гия департаменті бас дирек­то­­рының орынбасары Тянь Баогуо өз кезегінде жылы қабылдаулар үшін университет басшылығына ри­за­шы­лығын білдірді, универси­тет­тің ауқымдылығын және оның ЖОО арасында халықаралық дең­гей­дегі жоғары мәртебесін атап өтті.

Ол дәстүрлі медицина сала­сын­дағы ынтымақтастық бүкіл қо­­ғам­ға үлкен пайдасын тигізе­ті­ні­не сенімді екенін айтты. Қытай тара­бы ғылыми жұмыстарды жүр­гізу, дәрілік өсімдіктер өсіру, жаңа табиғи қосылыстарды іріктеу негі­зін­де бірлескен шағынсериялы дә­рі­лік заттар өндірісін жолға қою­ды ұсынды.

Жоба ҚХР тарапынан қаржы­лан­­дырылатын болады. Бүгінде ас­панасты елінде 8,5 миллиардтан ас­там адам емделген 4 566 меди­ци­на­лық орталық өз ісін табысты жүргізіп жатыр. ҚХР 43 дәстүрлі медицина университеттерінде 750 млн студент білім алуда және 2 000 дәстүрлі медицина зауыты жұмыс істейді. Сонымен қатар тараптар медицина саласындағы шекараны кеңейту екі елдің ынтымақтастығы үшін үлкен мүмкіндіктер ашылаты­нына тоқталды.