Samsung Galaxy S20 смартфоны қашан шығатыны белгілі болды

Компания бірден төрт жаңа смартфонды таныстырмақ.

Samsung Galaxy S20 смартфоны қашан шығатыны белгілі болды
© Сурет ғаламтордан

Samsung тұсаукесерінде Galaxy S20, Galaxy S20+ және Galaxy S20 Ultra флагмандары таныстырады.

Компания бірден төрт жаңа смартфонды көрсетеді деп күтілуде. Флагмандық линейкадан басқа вендор жаңа жиналмалы Galaxy Fold 2-ні де ұсынады.

Сондай-ақ, өндіруші Galaxy Buds жаңа сымсыз құлаққаптар туралы жаңалығымен бөліспек.

Бұған дейін фото бойынша дауыс беру арқылы үздік камерасы бар смартфон анықталған болатын.