Маск Марсты бағындыратын superкемені көрсетті

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Ай мен Марсқа жүк және ғарышкерлерді жеткізуге қабілетті кемені таныстырды.

Маск Марсты бағындыратын superкемені көрсетті
Фото: SpaceX/Twitter
Starship деген атау алған ғарыш аппаратының прототипін Маск өзінің Twitter парақшасында көрсетті.

«Бұл тарихтағы ең қуатты зымыран болады», – деп жазды ол.

Масктың сөзінше зымыранға жүз адам сияды және Ай мен Марсты бағындыруға негіз бола алады. Қызыл планетаға алғашқы сапар 2024 жылға жоспарланған. Оның ұзындығы 50 метр, ал массасы жанармай мен жүкті есепке алмағанда шамамен 120 тоннаны құрайды.

Маск кеме жақын екі айда ұшатынын, аппараттың 20 шақырымға көтеріліп, Жерге қайтатынын хабарлады. Оны орбитаға жарты жылда шығару жоспарда бар.

Шілденің соңында SpaceX Starship-тің прототипін сынақтан сәтті өткізген еді. Ал 17 шілдеде жасаған кезекті сынақта кеменің прототипі жанып кетті.