Балаларға арналған тегін туристік пойыз шықпақшы?
Қазақстанда 2020 жылдан бастап барлық өңірге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаны Үкіметке Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынып отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалықтайды құстар Алакөлде
Жер бетіндегі жараты­лыс­ты сұлулықпен суреттеген Жарат­қанның шеберлігіне шек келтіре алмаспыз. Тұмса таби­ғат­тың көркемдігін көзбен көріп, жүрекпен қабылдау әр пенденің қолынан келе бер­мей­ді. Алайда сол табиғат пен адамзаттың жан дүниесі біте­қайнасып кеткен. Табиғат ана­н­ың мұңын сезіп, майын тамызып қарапайым халыққа жеткізетін ақын мен сурет­ші­лер секілді. Сол әдемілікті қызық­тауға Алакөлде Алматы облысының әкімшілігі мен Туризм басқармасының бір­ле­суімен ұйымдастырылған «Алакөл қанаты» атты құстар фестивалі мүмкіндік берді. Бұл фестиваль бірнеше жыл қа­та­ры­нан өткізіліп келеді. Ұйым­дастырушылар негізінен орнотологиялық туризм саласын дамытуға күш салып жатыр. Міне, келген қонақ­тар­ды Алакөл табиғи-климаттық шипажайдың «Пеликан» дема­лыс орталығы жылы қарсы алды.
Табиғатымызды қорғайық
Елімізде аң-құстардың санын сақтап және оларды көбейту  мақсатында   Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі комитеті­нің 2016 жылғы  24  қарашадағы  №265  бұйрығымен  (көктемгі)  16  ақпаннан 14 маусымды  қоса есептегенде  аң аулауға тыйым салынды. Өздеріңіз білетіндей, көк­тем мезгілі – су құстарының жұптасып,  жұмыртқа сала­тын  уақыты. Осыған байланысты, көктем мезгілінде құстардың  санын сақтап, көбеюіне ықпал етуіміз қажет.
Беттер: 1