Еuronews телеарнасы «чудо-қала» Алматы туралы сюжет көрсетті

Euronews телеарнасы Қазақстандағы ең үлкен қала – Алматы туралы бейнеролик көрсетті. Түсірілім тобының жетекшісі Калифорниядан мегаполиске келген америкалық Дэннис Кин,– деп хабарлайды tengrinews.kz.

Еuronews телеарнасы «чудо-қала» Алматы туралы сюжет көрсетті
© фото tengrinews.kz.

Дэннис студенттік жылдары осы «чудо-қалаға» ғашық болғанын айтады. Ол Еуропадан келген қонақтарды Алматының архитектуралық коллекциясымен – Абай атындағы опера және балет театрымен, Вознесенкий кафедральды соборымен және «Көк базармен»  таныстырды.

Журналистер сонымен қатар тауға шығып, «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында болды. Кешке түсіру тобы мейрамханаға шақырылып, киіз үйде ет тағамы ұсынылды.

«Серуен соңында бізді тосын сый күтіп тұрды – Дэнистің домбырада ойнап, концерт берді», – дейді сюжетте.

Euronews – тәулік бойы жұмыс істейтін еуропаның ақпараттар арнасы. 2009 жылы телеарнаның таралуы әлемнің 150 еліндегі 294 млн көрерменін қамтыған.