Ішімдік ішкен жүргізушілер мәйітханаға жіберіледі

Молдовада ішімдік ішкен жүргізушілерді мәйітханада жұмыс істетумен жазалайды екен. Бұл жайында Agora.md. жергілікті басылым хабарлады.

Ішімдік ішкен жүргізушілер мәйітханаға жіберіледі

Жергілікті билік пен аудандық аурухана өзара осындай келісімге отырған екен. Жазаланушылар мәйітхананы тазалап, мәйітті тасуға көмектеседі.

Енді Молдаваның Ниспоре қаласында ішімдікпен ұсталған жүргізушілерді мәйтханаға түзеу жұмыстарына жіберумен жазаламақшы. Бұл келісімнің барын ауданның бас ауруханасы растап отыр.

Бұған дейін егер құрылғыда ішімдік 0,3 мг/л жоғары болса, жүргізуші куәлігінен  бірден өмір бойына айырып, қайта жасалмайды екен.