АҚШ-та көше кезген қаңғыбастар көбейген

Әлемде 700 млн астам адам кедейшілік жағдайда өмір сүреді. Бұл жайында 24.kz хабарлайды.

АҚШ-та көше кезген қаңғыбастар көбейген

Оңтүстік Азия мен Сахарадан отүстікке қарай орналасқан Африка елдеріндегі халықтың 42 пайызы кедей. Әсіресе, қарулы қақтығыстар орын алып жатқан елдердің тұрғындары қайыршылыққа көптеп ұшырайды.

АҚШ-та да көше кезген қаңғыбастың саны көбейген. Бұл мемлекетте 2015-жылдан бері кірісі 1,9 доллардан төмен адамды кедей қатарына жатқызады.

Осыған байланысты халықаралық ұйымдар алаңдаушылық білдіріп, БҰҰ кедейшілікпен күресуге шақырып қарар қабылдады. Ол әлемнің әр мемлекеті өз экономикасын дамытып, халықының әл-ауқатын жақсартуға үндейді.