Бір айда екі рет босанған әйел

Бангладеште 20 жасар келіншек бір айдың ішінде екі рет босанып, үш сәбиді дүниеге әкелді

 Бір айда екі рет босанған әйел
сурет интернеттен алынды

Ұлды дүниеге әкелген ана, өзін егізге ауыраяқ екенін білмеген. Арифа Сұлтан есімді келіншек ұлын ақпан айының соңында туған. 26 күн өткеннен кейін Арифаның іші ауырып, ауруханаға жеткізілген. Сол кезде дәрігерлер оның екі жатыр барын анықтаған. Сөйтіп, келіншек кесарь тілігі арқылы бір ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Шала туғаны болмаса, екеунің дені сау.

Егіздер 21 наурызда туған. «Пациент келісімен ультрадыбыстық сканер жасап, онда тағы екі баланың барын көрдік» дейді дәрігер Шила Паддар.

Оның айтуынша, Арифаның отбасының тұрмысы өте нашар. Қаржының жетіспеушілігінен ауыраяқ кезінен дәрігерге мүлдем барып қаралмаған. Тіпті өзі егіз туып, тағы сәбилі боламын деп ойламаған. Қазір ана балаларымен үйге қайтарылған, хал-жағдайы жақсы.

Арифа Сұлтан тағы да ана атанғанына қуанышты, бірақ үш баланың шығыны салмақ салатынына уайымдап отыр.