Вильнюстегі кездесу

Вильнюсте «Қазақстанға іскерлік жол» атты практикалық семинар өтті

Вильнюстегі кездесу

2019 жылы 27 мамырда Елшілік «Count line» консалтингтік компаниямен бірлесе отырып және Қазақстаннан арнайы шақыртылған сарапшы А.Махметовтің атсалысуымен «Қазақстанға іскерлік жол» атты практикалық семинар ұйымдастырды.

Семинарған елімізбен іскер ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытқан литвалық компания өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Семинарда ҚР-да бизнес саласын реттейтін нормативтік-құқықтық заңнамалардың негізгі қағидаттарын түсіндіру мен Қазақстанға инвестиция тарту жолдарына басты екпін қойылды.

Шараға қатысушылар Қазақстанға инвестиция тарту, еркін экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестициялық жеңілдіктер, сондай-ақ АХҚО қызметі туралы жаңа кешенді «экожүйе» жөнінде толық ақпарат алды.

Салық саласының сарапшысы А.Махметов Қазақстанда шетелдік компания өкілдіктерін құру мәселесі жөнінде жан-жақты консультация өткізіп (бизнесті тіркеу, шот ашу, ЭСҚ, қызметті лицензиялау), қазақстандық Салық кодексінің басым тұстарын атап өтті.

Бұдан басқа, сарапшы Қазақстандағы кеден рәсімдері туралы баяндап, ЕЭО елдеріне ҚР-дан өнімдерді бажсыз шығарудың мүмкіндіктері мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақта жеңілдікті негізде шекаралық сауда жүргізу мүмкіндіктерін айтып өтті.

Семинарға қатысушылар шараның терең мазмұндылығы мен танымдық сипатын жоғары бағалады.