Жүргізуші көлігінен 15 мың доллар тауып алған

Таиландтың Сисакет қаласында көлігінен 15, 600 мың доллар тауып алған жүргізуші ақшаны иесіне қайтарып берді. 39 жастағы Саравут Бунсаттха сөмкесін ұмыт қалдырған қожайынды да іздеп тапқан деп хабарлайды asiaone.com сайты.

Жүргізуші көлігінен 15 мың доллар тауып алған

Сәрсенбі күні Саравут көліктің артқы орындығынан қомақты қаржы мен 75 жастағы швейцарлық Алан Бордьенің атына жазылған шотты тауып алған. Ол оны Суварнабхуми теміржол бекетіне шетелдікті жіберіп, кейін кабинасынан сөмкені байқаған. Содан жүргізуші ақшаның иесін табу мақсатында FM91 радиостанцияға баруға шешім қабылдаған. Сөмкеден 282 672 бат және 2400 Швейцария франкі табылды. Сондай-ақ, Бангкок Банкінде Бордьенің атында жинақ кітапшасы болған.

Бордьенің айтуынша, ол сөмкені өз бөлмесінде қалдырып кеттім деп ойлаған. Содан таилық әйеліне хабарласып, ақшаның бар-жоғын тексеруін сұраған. Алайда әйелі ештеңе таба алмапты.

Қуанышқа қарай, радиостанция оған өзі хабарласып, сөмкенің табылғанын хабарлаған.

Швейцариялық ер азамат Саравутқа сыйақы ретінде 20 000 бат берген. Ер адам сөмкесін жақсы адам тауып алғаны үшін өзін бақытты сезінетінін айтып, қуанышымен бөлісті. Оның сөзінше, ол жолы болғыш адам екен.