АҚШ лаңкестерге қарсы салынатын санцияларды жеңілдетті

АҚШ билігі лаңкестік ұйым лидерлеріне қарсы салынатын санкцияларды жеңілдетті. 11 қыркүйек АҚШ тарихында болған ең ірі лаңкестікке осы жылы 18 жыл толады. Осыған орай күні кеше президент Дональд Трамп лаңкестерге қарсы салынатын санкцияларды жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды.

АҚШ лаңкестерге қарсы салынатын санцияларды жеңілдетті

Сондай-ақ бұл жарлық лаңкестермен іс жүргізетін банктердің де қызметін жеңілдетуі тиіс. Мұндай бұйрықты Ақ үй басшысы Мемлекеттік департамент пен қаржы министрлігіне бағыттады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сейсенбіде журналистерге енді жаңа ережеге сәйкес, АҚШ билігінің негізгі мақсаты арнайы лаңкестік әрекетке бармаған лаңкестік ұйымдар мен содырлардың өзі болатынын хабарлады. Трамптың жарлығын алға тарта отырып, Помпео «Бұл бізге осыдан 18 жыл бұрын 11 қыркүйекте АҚШ-та болған лаңкестік әрекет сынды шабуылдардың алдын алуға мүмкіндік береді», - деді.

Америка әкімшілігі таратқан ақпарға сәйкес, жаңа жарлықтың нәтижесінде лаңкестік әрекетке қатысы бар екі мыңға жуық содырдың ізін кесу мүмкін болады. Ресми Вашингтон бұған дейін оларға санкция қойылмағандығын алға тартты.