Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония билігі сәрсенбіде таңертең толық құраммен отставкаға кетті. Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлайды.

Жапония үкіметі отставкаға кетті
дереккөзден

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өз кабинеті мүшелерінің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Үкіметтің отставкаға кетуіне басты себеп – партияның жоғары палатада шілдеде өткен сайлаулардан кейін жеңіске жетуі және қазанда тұтынушы салығын 10 пайызға көтеру жайы болды.

Өткен жылы қазанда үкіметтің көп құрамы сол қалпы қалса да, осы жолы өз постарын тек екі фигурант сақтап қалды. Олар – үкіметтің бас хатшысы Есихидэ Суга және қаржы министрі Таро Асо.

Екі министр қызметпен алмасады. СІМ басшысы Таро Коно экономика министрі болады, ал СІМ-ді экономиканы қалыпқа келтіру ісі бойынша министр болған Тосимицу Мотэги басқарады. Бұрын министр болған екі адам қайтадан үкіметке оралса, қалған 13 адам алғаш рет министрлер кабинеті құрамына енеді.

Ақпар бойынша бүгін түстен кейін үкіметтің жаңа құрамы жарияланады. Сосын жаңа министрлер кабинеті императордың алдынан өтіп, ресми түрде қызметке кіріседі.