11 қыркүйек: АҚШ-тың Кабулдағы елшілігінде жарылыс болды

11 қыркүйек таңертең Ауғанстанның астанасы Кабулда орналасқан АҚШ елшілігінде реактивті снаряд жарылды. Тағы бір соққы Ауғанстан қорғаныс министрлігінің ғимаратына түсті. AP және AFP агенттіктері таратқан ақпарға сәйкес, екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ.

11 қыркүйек: АҚШ-тың Кабулдағы елшілігінде жарылыс болды
дереккөзден

«Снаряд қорғаныс министрлігі ғимаратының қабырғасына соғылған, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады Ауғанстан қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы Носрат Рохими.

Елшілік қызметкерінің айтуынша кешенге жақын жерде зымыран түскендіктен, жарылыс болғаны хабарланған. «Жарылыстың Кабулдағы АҚШ елшілігіне жақын маңда болғанын біз растай аламыз», - деді Америка елшілігінің қызметкері.

Жарылыс 11 қыркүйекте болды. Осыдан 18 жыл бұрын дәл осы күні АҚШ-та ең ірі лаңкестік жарылыс болған еді. Осыдан кейін АҚШ Ауғанстанға әскер кіргізді. Бұдан екі күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп «Талибан»* қозғалысы лидерлерімен келіссөздердің тоқтайтынын мәлім етті.



Талибан* - ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым