Apple iPhone 11 және iPhone 11 Pro-ны таныстырды. Басты ерекшелігі неде?

Apple компаниясы айфонның жаңа түрлерін таныстырды. Олар қосымша камералары мен процессорының жылдамдығына қарамастан, энергияны аз тұтынуымен ерекшеленеді.

Apple iPhone 11 және iPhone 11 Pro-ны таныстырды. Басты ерекшелігі неде?

iPhone 11 және iPhone 11 Pro-ның тұсаукесер таныстырылымы Калифорнияда өтті. Сондай-ақ, компания Series 5 «ақылды» сағатын да ұсынып отыр.

iPhone 11 құрылғысының екі негізгі камерасынан бөлек, маңдайында тағы бір қосымша камерасы бар. Жаңа айфондар түнгі режімде түсірілім жасауға да қолайлы етіп шығарылған.

iPhone 11-дің 64 гигабайттық жабдығының құны Ресейде 59 900 рубль деп бағаланып отыр.

Ал, iPhone 11 Pro (және Pro Max) моделі өзгешелеу. Оның негізгі үш камерасы бар. 11 Pro-ның экранының диагоналі 5,8 дюймді құраса, Pro Max-та – 6,5 дюйм. Ресейде оның құны 89 990 рубльден басталады.