40 миллионнан астам адам құлдық шырмауында

Бүгінгі күні 40 милионнан астам құлдықтың қазіргі заманғы түрлерінің құрбанына айналып отыр, оның төрттен бірі – балалар. Бұл туралы БҰҰ-да арнайы баяндама жасаған Урмила Бхоола мәлімдеді.

40 миллионнан астам адам құлдық шырмауында
© сурет ашық интернет көздерінен

Оның пайымдауынша, көші-қон мәселесі, қоршаған ортаның ластануы және демографиялық ахуал адамдардың біреудің еңбегін жаппай қанауының өсуіне әкеліп отыр.

Жыл сайын миллиондаған адам құрылыс алаңдарында, егістікте, тігін фабрикаларында және жер асты шахталарында еңбекті қанау қылмысына шырмалуда. Баяндамашының айтуынша, қазіргі заманғы құлдық тұзағына көбінесе әйелдер түсіп қалады. Олардың 98 пайызы жыныстық қатынасқа күштеп итермелеудің құрбанына айналуда.

40,3 млн адамның 24,9 млн еңбекті қанау бойынша зардап шексе, 15,4 млн қыз-келіншек некеге еріксіз қосылудың қиындығын тартып жатқандар.

Адам еңбегін қанаудың ауыр түрлеріне көбінесе мигранттар мен босқындар ұшырайды.