Қытай vs АҚШ: Вашингтон Қытай тауарларына салықты шегереді

АҚШ билігі Бейжіңнің өтініші бойынша Қытайдан 250 миллиард долларға бағаланатын тауарларға салынатын баж салығын 25% -дан 30% -ға көтеруді екі аптаға шегерді. Бұл хабарды Ақ үй басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Қытай vs АҚШ: Вашингтон Қытай тауарларына салықты шегереді
дереккөзден

«ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьерінің өтініші бойынша және 1 қазанда ҚХР өзінің құрылғанына 70 жыл толуын атап өтетіндіктен, біз ізгі ниет ретінде 250 млрд долларға бағаланатын өнімдерге салынатын баж салығын 25% -дан 30% -ға көтеруді 1 қазаннан 15 қазанға шегердік», - деп жазады Трамп Twitter-де.

1 қыркүйекте АҚШ 112 млрд долларға бағаланған Қытайдан келетін тауарларға 15 пайыздық қосымша баж салығын салған еді. Трамп бұл шараларды Қытайдың АҚШ-тың ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу ауқымын ұлғайтамыз деген уәдесін орындамағандықтан қолға алынғанын алға тартты. Кезекті салық осы жылдың желтоқсанының екінші жартысында салынады. Қытайға бұған жауап ретінде 75 млрд доллар тұратын америка тауарына қосымша 10 пайыз баж салығын салды. АҚШ-тан келетін импортқа кезекті 5 пайыздық алымдар 15 желтоқсанда күшіне енеді. Дәл сол күні Қытай тарабы Америкадан келетін автомобильдер мен қосалқы бөлшектерге 25% және 5% көлемінде салық салады.