Ресей мен Израильдің Сириядағы қақтығысына не тосқауыл болды?

Владимир Путинмен тікелей қарым-қатынастың болуы Ресей мен Израильдің Сириядағы қақтығысының алдын алды. Бұл туралы РБК-ға берген сұхбатында израильдік премьер Биньямин Нетаньяху айтты.

Ресей мен Израильдің Сириядағы қақтығысына не тосқауыл болды?
дереккөзден

Путинмен тікелей қарым-қатынас құру Нетаньяху үшін құнды екен. «Сириядағы операция кезінде Ресейің әскери әуе күштері мен біздің әскери әрекеттіріміз арасындағы қақтығыстың алдын алған міне осы болатын (Путинмен қарым-қатынас - ред)», - деп атап өтті премьер.

Нетаньяхудың айтуынша, бұл байланыстар Ресей мен Израиль арасындағы өзара пайдалы экономикалық байланыстарды арттыруға серпін береді.

«Бұл үйлесім әбден мүмкін, себебі мен және президент Путин бір-бірімізді құрметтейміз. Біз шынымен еш немқұрайлық танытпай, ашық сөйлесеміз. Тіке айтамыз», - деп сөзін түйіндеді Израиль премьері.

Путин мен Нетаньяхудың Сочиде өтетін келіссөздері бейсенбіге жоспарланған. Кремльдің таратқан ақпарына сәйкес, кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту мәселесі сөз болып, Таяу Шығыстағы жағдай бойынша да қос лидер пікір алмасады.