АҚШ келіссөздерден кейін Қытайға баж салығын көтеруді кейінге қалдырды

АҚШ Вашингтондағы екі күндік келіссөздерден кейін келесі аптада салынуға тиіс қытай тауарларына арналған тағы бір тарифтің көтерілуін шегере тұруға келісті. Тараптардың сауда соғысын тоқтатуы керек келіссөздер барысы туралы bbc.com хабарлады.

АҚШ келіссөздерден кейін Қытайға баж салығын көтеруді кейінге қалдырды
©Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізушілер АҚШ-тың ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуды ұлғайту және зияткерлік меншік, валюталық реттеу және қаржылық қызметтермен байланысты мәселелерді шешуді қамтитын мәміленің «өте маңызды бірінші кезеңіне» жетті деп мәлімдеді.

«Біз көп жағдай бойынша келісімге қол қойдық»,– деді Трамп. Келіссөз жүргізушілер «бірінші кезең» құжаттары рәсімделіп болғаннан кейін бірден келесі қадамдарды талқылайтындығын айтты.

Трамптың айтуынша, келісімді дайындау бес аптаға созылуы мүмкін.

Қытай делегациясының басшысы Лю Хе келіссөздер барысына көңілі толатынын айтты.

«Біз көптеген салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Бұған қуаныштымыз», – деді ол. Осыған ұқсас мәлімдемені Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігі жасады: «Тараптар одан әрі консультацияларды өткізу бағдарламасын талқылады және қорытынды келісімге қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігер туралы уағдаласты».

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттары қытайлық тауарларға баж салығын келесі сейсенбіде көтермекші болған. Егер, ол шектеу күшіне енгенде 250 миллиард доллар тұратын тауарларға тарифтерді 25% -дан 30% -ға дейін көтеруге тура келетін.

Reuters агенттігі «Трамп Қытайды АҚШ-тың ауылшаруашылық өнімдерін 50 миллиард долларға сатып алу ниеті үшін мақтады, бірақ әлі күнге дейін Қытайдан келетін тауарларға салынатын баж салығын жүздеген миллиард долларға азайтқан жоқ»,– деп жазды.

Соңғы 15 айда АҚШ пен Қытай өзара баж салығын бірнеше ондаған миллиард долларға арттырды. Сарапшылар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы әлемдік экономиканы бұзадытынын мәлімдеген.

Америка Құрама Штаттары америкалық компаниялардың зияткерлік меншігін қорғауды және технологияны Қытайға мәжбүрлі түрде беруді тоқтатуды талап етуде. Вашингтон сонымен қатар Пекиннен өз саласына субсидияларды қысқартуды және АҚШ компанияларының Қытай нарықтарына шығуын жеңілдетуді қалайды.

Дегенмен, мамандардың айтуынша, бұл соңғы екі айдағы АҚШ пен Қытай арасындағы алғашқы жоғары деңгейдегі алғашқы келіссөздер.