Ирландия 2040 жылға дейін 440 млн түп ағаш отырғызады

Ирландия мемлекеті климатың өзгеруінің алдын алудың жаңа жоспарын ұсынып отыр. Бұл – күніне 60 мыңнан артық ағаш егу.

Ирландия 2040 жылға дейін 440 млн түп ағаш отырғызады

Ел үкіметі бұл жоспарын биылғы маусым айында жариялап, жылына 19 768 акр (жер өлшемі) орман алқабын құруды уәде еткен.

Жоспар бойынша бұл ағаштардың 70%-ы қылқан жапырақты, қалған 30% ашық түсті жапырағы бар орманды алқап болады.

Негізінен қолда бар ауылшаруашылығы жерлерінің әр гектарына 2 500 қылқан жапырақты ағаштар мен 3 300 жай жапырақты өсімдік егілмек.