Иракта ереуіл өршіп тұр

Иракта халық жаппай ереуілге шығып,  қақтығыс себебінен Умм-Каср кемежайы жұмысын тоқтатты және жолдар жабылды.

Иракта ереуіл өршіп тұр
Фото: svoboda.org.

Премьер-министр Адель Абдул Махди қақтығысты тоқтатуды талап етіп, мұның ел экономикасына тигізер зардабы зор екенін айтқан еді. Өйткені теңіз арқылы аталған елге азық-түлік тауарлары жеткізіледі. Айта кетсек, елде орын алған жемқорлық пен жұмыссыздық ереуілге себеп болып отыр.