Сирияда 60-тан астам елдің баласы не істеп жүр?

Сириядағы лагерьлерде қанша бала қай елдерден келгені жайында дерек белгілі болды.

Сирияда 60-тан астам елдің баласы не істеп жүр?
Фото: дереккөзден

24.kz-тің жазуынша, Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерьлерде 60-тан астам елдің 28 мыңға жуық баласы өмір сүріп жатыр. БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Генриетта Фордың айтуынша, оның 20 000-ы — Ирак азаматтары. Олардың 80 пайызы —12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Генриетта Фор әлемдік қауымдастықтан балалардың Отанына оралуын қадағалауға ұсыныс айтты. Ресми мәліметке сүйенсек, Сириядан 650 бала ғана Отанына оралған.