Қазақстан әлемдегі барлық этникалық қазаққа арнайы куәлік береді

Этникалық қазақтарға берілетін куәліктің артықшылығы көп.

Қазақстан әлемдегі барлық этникалық қазаққа арнайы куәлік береді
Фото: Интернеттен алынды

Жаңа құжат Қазақстанда көптеген құқықты ел азаматтарымен тең дәрежеде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуовтың айтуынша, Қазақстанда әлемдегі қазақ диаспораларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Этникалық қазақтарға арнайы куәліктер шығарылады.

«Диаспораларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалуда. 2020 жылдың көктеміне қарай біз оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік бағдарлама ел басшылығы деңгейінде таныстырылады», — деді Талғат Адуов.