Louis Vuitton брендімен танымал модельер Патрик-Луи Виттон қайтыс болды

Модельер Патрик-Луи Виттон 68 жасында Францияда қайтыс болды.

Louis Vuitton брендімен танымал модельер Патрик-Луи Виттон қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды

1854 жылы Louis Vuitton сән үйінің негізін қалаған Луи Виттонның немересі сән әлемінде атақты. Әзірге өлімінің себебі айтылмады. Патрик-Луи Виттон сән үйінде 22 жасынан бастап, 1973 жылдан бері жұмыс істеген. 1990 жылы ол арнайы тапсырыстар бөлімінің басшысы болған.