Ұлыбритания: Жүк көлігінен 15 адам табылды

Эссексте 39 адамның денесі табылған оқиғадан соң Ұлыбританияда жүк көлігінен 15 адам табылды.

Ұлыбритания: Жүк көлігінен 15 адам табылды
Фото: Интернеттен алынды

CNN-нің жазуынша, 15 адам мемлекетке заңсыз кірген.

«Англияның оңтүстік батысында жүк көлігінен табылған 15 адам мемлекетке заңсыз кірді деген күдікпен қамауға алынды» деп жазды CNN басылымы.

Жүк көлігінің жүргізушісі 50 жастағы Ирландия азаматы да оларға көмек көрсеткені үшін қамауға алынды. Жергіліктің полицияның хабарлауынша, жүк көлігінен табылған 16 мен 30 жас аралығындағы ер адамдардың қай мемлекет азаматтары екені анықталып жатыр.