Alibaba «Бойдақтар күні» 17 сағатта рекорд жаңартты

Онлайн сауда жасаудан көсбасшы кәсіпорын сауда нарығында рекорд орнатты.

Alibaba «Бойдақтар күні» 17 сағатта рекорд жаңартты
Фото: дереккөз

Интернет арқылы сауда жасайтын кәсіпорын бір күн ішінде 38 миллиард доллар пайда тапқан. «Хабар 24» арнасының хабарлауынша, табыстың артуына Қытайдағы «Бойдақтар күні» ықпал еткен. Мерекеге орай онлайн дүкен ауқымды жеңілдіктер жариялады. Әлемнің әр түкпірінен тұтынушылар тауарды қолжетімді бағада сатып алған. «Бойдақтар күнінің» бірінші күні компания бір миллиард доллардың тауарын сатқан. Alibaba былтырғы рекордын 17 сағат ішінде жаңартқан.