Депутаттың үш жасар ұлын атып кетті

ТСН-нің жазуынша, оқыс оқиға Киевте болған.

Депутаттың үш жасар ұлын атып кетті
Фото:tsn.ua/ru-дан алынған

Киевтегі Лев Толстой көшесі бойында белгісіз ер адам облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболевтың көлігіне оқ атқан.

Range Rover автокөлігінің рулінде Соболевтың өзі болған. Атыстан оның ұлы ажал құшқан. Тосын оқиға жексенбі күні шамамен сағат 17:00-де болған.

Киев полиция бөлімінің байланыс бөлімшесі: «Ер адам С. есімді азаматқа оқ атқан. Алайда оқ автокөлікте отырған үш жасар балаға тиген. Бала жедел жәрдем көлігінде жолда қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды», – деп ресми хабарлаған.

Дереккөздің хабарлауынша, облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболевтың үш ұл, екі қызы бар. Оққа ұшқан оның кенжесі екен.