Қытай АҚШ-қа қарсы санкция енгізді

Қытай Гонконг заңының қабылдануына жауап ретінде АҚШ-тың бірқатар үкіметтік емес ұйымдарына, соның ішінде Human Rights Watch-қа санкциялар енгізуде. Бұл туралы дүйсенбіде өткен брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чунинг мәлімдеді,– деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай АҚШ-қа қарсы санкция енгізді

– Жақында АҚШ Гонконгта адам құқықтары мен демократияны қорғау туралы заң қабылдады. Қытайдың наразылығын елемеді, бұл халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын елеулі түрде бұзу. Сондай-ақ  бұл ҚХР-ның ішкі істеріне араласу. Бейжің осыған байланысты өзінің наразылығын білдіріп, жауап ретінде NDI, HRW, Freedom House секілді АҚШ-тың бірқатар үкіметтік емес ұйымдарына санкциялар салуға шешім қабылдады,– деді дипломат.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгқа қатысты екі заңға – «Гонконгтағы адам құқықтары мен демократияны қорғау туралы», сондай-ақ арнайы әкімшілік аймаққа полицияның жекелеген жабдықтарын жеткізуге тыйым салу туралы заңға қол қойған болатын.