Бір топ жігіт дүкенге тыр жалаңаш барған (видео)

Олар дүкенге "тек кроссовкимен барамыз" деп бәстескен екен.

Бір топ жігіт дүкенге тыр жалаңаш барған (видео)
©yandex
Запорожьяда бес жігіт супермаркетті басына көтерді. Олар дүкенге тыр жалаңаш барған. Аяқтарында аяқкиімнен басқа ештеңе жоқ. 

Онда да көшедегі ел -жұртты шошытпау үшін ұятты жерлерін пластикалық тәрелкемен жауып алған. Кейбірі күннің суығына орай бас киімін шешпеген екен. 

Дүкенге келген жігіттер, бір-бір банан алып, кассада төлеп шыққан. Олардың айтуынша, жігіттер өзара бәстескен. Ұтылған адамның айыппұлы да үлкен. 

Бір қызығы осы жағдайды көрген күзет те оларға тимеді, ештеңе айтпады.