Трамп иммигранттарға қатысты заңды күшейтті

АҚШ президенті Дональд Трамп медициналық сақтандыруы жоқ иммигранттарға АҚШ аумағына кіруге тыйым салатын жарлық жариялады.

Трамп иммигранттарға қатысты заңды күшейтті
дереккөзден

Трамптың жарлығына сәйкес иммигранттар ел аумағына кірген кезде өздерімен бірге медициналық сақтандыруы немесе дәрігерлік көмекке жүгіне алатын құралы болуы тиіс.

Ақ үй басшысы аталған құжатқа қол қойды. Жарлық 2019 жылдың 3 қарашасында күшіне енеді.