Нидерланд енді Голландия емес

Нидерланд елі Голландия атауынан ресми түрде бас тартты

Нидерланд енді Голландия емес
интернеттен алынды
Нидерланд енді өзін Голландия деп атамайтын болды. Бұл елдегі билік Голландия десе дүниежүзіндегі жұрттың көз алдына есірткі мен «қызыл шамдар» көшесі елестейтінін ескеріп, ребрендинг жасауды ұйғарған.

Бұдан былай барлық халықаралық және ауқымды іс-шараға бұл ел тек Нидерланд деген атаумен қатысады. Нидерланд атауын қолдану ұлттық құрама мен Токиодағы Олимпиадаға баратын командаларға әсіресе қатысты болмақ.