Нобель иегерлерін анықтау басталды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №155

Нобель – әлемдегі ең беделді сыйлықтың бірі. Жыл сайын күзде Норвегия мен Швецияға әлем назары ауады. 6-13 қазан аралығында  Стокгольм мен Ослода аталған сыйлықтың лауреаттары белгілі болады.  Биыл шымылдықты медицина саласы ашты.

Нобель иегерлерін анықтау басталды

Америкалық ғалымдар Уи­льям Кэйлин, Грег Семенца жә­не британиялық сэр Питер Рэдк­лифф медицина саласы бо­йынша Нобель сыйлығына ие болды. Олардың зерттеу тақы­ры­бы – адам жасушасының ауа тапшылығына бейімделуі. Ға­лым­­д­ардың жүргіз­ген зерттеуі онкологиялық ауру­лар­ды емдеу­ге көмектеседі.

Онколог Уильям Кэйлин Джон Хопкинс атындағы уни­вер­­­­си­­­тетте, Питер Рэдклифф Окс­форд­­та, Грег Семенца Гар­вард­та жұ­мыс іс­тейді. Нобельдің биылғы қар­жы­лай жүлдесі – 9 миллион швед кроны. Жүлдеден түс­кен қар­жы лау­реаттарға тең бөлінеді.

Швеция астанасы Сток­гольм­де Нобель сыйлығын тап­­сыру ме­ди­цина саласынан бас­та­лады. Осы аптада химия мен фи­зи­ка са­ла­сы бойынша Нобель иегері анық­талады. 10 қазан күні әдебиет саласы бойынша жеңімпаздар белгілі болады. Биыл әдебиет бо­йын­ша сыйлық екі адамға та­быс­талады. Сондай-ақ 11 қа­зан­да бейбітшілік ата­лы­­мы, 14 қа­занда экономика бойынша Но­бе­ль сый­лы­ғының лауреаттары жария­ла­­нады.

Стокгольмдегі Каролин инс­­­ти­туты медицина саласы бо­­йын­ша, Швед академиясы әдебиет са­ла­сы бойынша, Шве­ция­ның ғы­лым академиясы физика, химия және экономика саласындағы Нобе­ль лауреат­тарын анықтайды. Ал жүл­де­ні Осло қаласындағы Нобель ко­­ми­теті табыстайды.

Бұдан бөлек, марапаттау сал­та­наты бар. Сыйлық табыстау рә­сі­мі, Нобель кеші мен концерті айрықша дәстүрге негізделген. Сән-салтанатты ұнататындар кеш ба­рысын жіті қадағалайды. Лау­реат­тар дүниенің түкпір-түкпірінен айту­лы жүлдені алу­ға келеді. Бірақ 1901 жылдан бері берілетін құнды сыйлыққа Қазақстан мен Орта Азияның қолы жеткен жоқ.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ