Түркия Сирияда әскери операциясын бастады

Түркияның қарулы күштері Сирияның Евфрат өзенінің шығысында орналасқан аудандарда терроризмге қарсы «Бейбітшілік қайнары» операциясына кірісті,– деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Түркия Сирияда әскери операциясын бастады
© фото Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған операцияның басталғаны туралы Twitter-де мәлімдеді. Әскери операцияның мақсаты – Түркияның оңтүстік шекарасындағы аймақты бақылап отырған лаңкестерді жою, Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату.

«Біздің мақсатымыз – олардың біздің оңтүстік шекараларымызда құруға тырысқан террористік дәлізін жою, сонымен қатар аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату»,– деп жазды Ердоған.

«Бейбітшілік қайнары» операциясының арқасында Сирияда «қауіпсіз аймақ» құрылып, сириялық босқындар соған жіберіледі.

Ал, Сирия СІМ егер Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция басталса, ол бүкіл саяси реттеу процесіне ауыр соққы болады деп мәлімдеді.