Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Польша мен Австрия қаламгерлеріне бұйырды

Нобель комитеті әдебиет саласы бойынша 2018 және 2019 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімін атады.

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Польша мен Австрия қаламгерлеріне бұйырды
©Reuters Петер Хандке

2018 жылдың мәртебелі марапатын польша ақыны Ольга Ткарчук алса, биылғы марапат иесі – австриялық жазушы Петер Хандке.

Марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Жеңімпаздар Альфред Нобельдің портреті мен дипломдарымен алтын медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, әр лауреатқа 9 млн кроннан, (900 000 доллардан асады) ақшалай сыйлық беріледі.