Ақ үй неге алаңдайды?

Газет мақаласы "Айқын" газеті №156

Күні кеше АҚШ Шыңжаң­да азшыл топтардың құқы­ғын белден басты деген айыппен ҚХР Үкіметі мен Коммунистік партиясына мүше бірқатар шендіге санкция салды. Штаттар­дың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлім­де­месінде Шыңжаңдағы аз­шыл топтарға қысым көр­сет­кен 28 ұйым мен кей ком­­мерциялық компания­лар­ға америкалық тауар­лар экспортына шектеу қойыл­ғаны айтылады.

Ақ үй неге алаңдайды?

Ақ үй тарабынан қойылған шектеу шараларын Бейжің қатаң сынға алды. Қытай бұл мәселеде өз ұстанымын Құрама Штаттар халықаралық қатынастарды рет­тей­тін негізгі ережелерді елеу­лі түрде бұзып, өзге мемлекет­тің ішкі ісіне араласуды көздеу ниеті жа­тыр деп білдірді. Бұл –Бейжің­нің пікірінше, мемлекет­тің, яғни ҚХР-дың мүддесіне қайшы келе­тін шектеулер. Қытай Шың­жаңда АҚШ айыптап отырған адам құ­қық­тарының бұзылу жайы аты­мен жоқ екенін алға тартты. Ал бұ­ған дейін айтылып жүрген аз топ­тар мен мұсылмандарды аса ауыр қатыгездікпен азаптайтын ла­­герлер мен абақтыларға қатыс­ты мәселеде Бейжің «ай­мақта же­­ңіл қылмыс жасаған­дар­ды тү­зе­­ту ұйымдары» ғана бар екенін мә­­лімдеді. Бұған себеп Шыңжаң-Ұй­ғыр автономиялық ауданы ді­ни экстремистер мен лаңкестер­дің ықпалында деді Қытай тара­бы.

Шыңжаңдағы экстремизм жайы қалай пайда болды, қазіргі уақытта соншалықты дабыл қаға­тын мәселе бар ма? Соңғы бес жылда аймақта діни экстре­мис­тік алауыздық жоқ, жағдай тұрақты. Осыдан бес жыл бұрын, яғни 2014 жылы Шыңжаңда сепа­ра­тистер қатарынан екі лаңкестік әрекет ұйымдастырған еді. Сол жылдың наурызында авто­н­омиялық ау­дан­­ның оңтүс­тік-батысындағы Куньмин қаласында қара бетпер­де киген содырлар сапаржайда адамдарға шабуыл жасады. Салдарынан 29 адам көз жұмды. Қытай билігі мұны лаңкестік әрекет деп бағалап, Шыңжаңдағы сепаратистік күштер жауапты деді. Дәл сол жылы мамырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының астанасы Үрімшіде екі автокөлік Гунъюаньбэй көше­сінде орналасқан базарда жүрген адамдарға қарсы жүріп, салдары­нан 39 адам қаза тауып, 94 тұрғын жараланды. Осы оқиғалардан кейін ресми Бейжің Шыңжаңдағы жағдайды қатаң бақылауға алып, бірнеше сепаратистік ұйымдар мен діни экстремизм ықпалына түскендерді анықтап, оларға жаза кесті, соттады.

Бұған дейін Қытай Шыңжаң­дағы жағдай ішкі мәселе екенін бірнеше рет қадап айтып, Құрама Штат­тарды әр елдің жеке мәселе­сіне бас сұқпауға шақырды. Қытай­дың ішкі мәселесі десек те, АҚШ мұнда Қытайды мүлдем бас­қа параметрден қарайтын сы­ңайлы. Қатарынан екі жыл Қы­тай мен АҚШ арасындағы сау­да қақтығысы үдеп келеді. Осы жыл­дың тамызында АҚШ тара­пы­нан сауда қақтығысында қытайлық тауарларға 30 пайыз салық салын­ған еді. Сауда соғысын тоқтата­мыз деген ниетпен күні кеше ғана Вашингтонға ат терлетіп келген қытай делегациясы Штаттармен тағы да мәмілеге келе алмай, ел­ден кетуге мәжбүр болды. Өзіне қай салада да бәсекелес бола ала­тын мемлекеттің ізін кесу қалып­ты фактор ма? Себебі бұған дейін ҚХР өз өндірісіне сәтті түрде роботтарды енгізді. Америкалық Boeing маркалы ұшаққа балама ұшақ дайындап жатыр. Huawei соңғы жылдарда Apple өнімдері­нен бірнеше пайызға артық саты­луда және бұдан да өзге эконо­ми­ка­лық жайттар Вашинг­тонның назарынан әлбетте тыс қала ал­май­ды. Қытайдың ішкі саясатын­дағы ықтимал белден басуларды әлем назарына ұсыну арқылы оның сыртқы мәмі­легерлік имид­жі­не нұсқан келтіру деген ойдың да бір ұшпағы болуы ықтимал. Дегенмен бұл Қытай­дың ішкі саяси жүйесін құл­дыратады дегенді білдірмесе керек.