"Жер-жаһанда Құдайға орын жоқ"

Физика бойынша «Әлемнің эволюциясын және Жердің ғарыштағы орнын түсіндіруге қосқан үлесі үшін» 2019 жылғы Нобель сыйлығын алған швейцариялық астрофизик Мишель Майор «Құдайға Жер-жаһанда орын жоқ» дейді. Бұл туралы ғалым El Pais басылымына берген сұхбатында айтты.

"Жер-жаһанда Құдайға орын жоқ"
Мишель Майор/дереккөзден

«Дінде Құдай өмірді тек Жер бетінде ғана болсын деп жаратқан дейді. Алайда, ғылыми деректер тіршіліктің пайда болуы табиғи процесс екенін көрсетеді», - деді ғалым. "Жалғыз жол Құдай бар ма осыны ұғынып, зерттеу жүргізіп, жауабын табу» дейді 77 жастағы Нобель сыйлығының иегері.

Мишель Майор және оның оқушысы Дидье Кело физика бойынша алғашқы экзоғаламшарды ашып, Нобель сыйлығын иеленді. Бұл астрономиядағы революцияның бастауы болды. Содан бастап Жерге ұқсас төрт мың нысан табылған.