Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығы кімге бұйырады?

11 қазанда бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының иегері анықталады.

Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығы кімге бұйырады?
дереккөзден

Аталған сыйлыққа үміткерлер қатарында  табиғатты қорғауда белсенділік танытып жүрген 16 жастағы швециялық Грета Тунберг бар. Егер Грета алар болса, ол әлемде Нобель сыйлығын алған ең жас лауреат болмақ.

Сондай-ақ Суданмен бейбіт келісімшарт жасасқан Эфиопия премьер-министрі Абия Ахмед пен «Шекарасыз тілшілер» (RSF)ұйымының өкілдері де үміткер. Сыйлыққа үміткерлер тізіміне бұдан өзге Йемендегі кикілжіңде азық-түлік жағынан қолғабыс еткен БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы да енген.

Лауреат Ослода жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 11-де жарияланады. Бұған дейін Нобель сыйлығы медицина, физика, әдебиет саласында табысталды. Ал экономика саласында лауреаттың есімі 14 қазанда белгілі болады.