Солтүстік Корея зымыран ұшырды
Апта басында Солтүстік Корея Вонсан портына жақын жердегі Кальма аймағынан қысқа қашықтықтағы екі зымыран ұшырды. 30 шақырым биіктікте 250 шақырым қашықтыққа ұшқан зымырандар Жапон теңізіне барып құлаған. Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Чжон Кен Ду бұл жолғы зымырандардың осыған дейін сыналған қару үлгілерінен ерекшеленетінін айтты.
Иранның үлесіне – тағы бір санкция
АҚШ Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Жавад Зарифке қарсы санкция жариялады. Жаңа шектеулер Иран дипломатының АҚШ-тағы активтерін бұғаттап, оның халықаралық іссапарларына әсер етуі мүмкін.
Ертең Ай тұтылады
17 шілдеде халық Айдың тұтылғанын тамашалай алады.
Еуропалық Одақ пен Орталық Азия тығыз әріптестік орнатуы қажет
Бейбітшілік пен өркендеуге қол жеткізу үшін аймақтық және аймақаралық ынтымақтастықты талап ететін қазіргі тығыз байланыстар заманында Еуропа мен Орталық Азия бұдан бұрын соншалықты жақын болған емес. Ал өзара тығыз әріптестіктің жемістері сондай айқын болмады.
Селфи жасап тұрып көз жұмғандар көбейді
Әлемде ерекше жерде тұрып ерекше селфи жасаймын деп көз жұматындар көбейген. Соған байланысты бірқатар елдер селфи түсіруге қатысты түрлі ереже енгізу туралы шешім қабылдап жатыр. Бұл туралы Француздың Le Figaro газеті жазды.
Ғашық болдым Стамбұлға
Бауырмалдықтан басталып кетіп ішкі ән бір,
Ұшаққа мініп, ұшқыр деп біліп құстан бұл,
Жеткенде жылдам,
Туғалы біздер көрмеген
Түріктер тұрды – құшақтарына қысқан гүл.
Әуелден қаны, тамыры ортақ жандармен,
Әуежайынан амандасады Стамбұл!

                                    Күләш АХМЕТОВА
Мо ЯНЬ: Мен халықтың мұңын жеткізушімін
Мо Янь атымен белгілі қытай жазушысы Гуань Мое дүйім жұртты қоғамдағы ащы шын­дықты дәл жеткізе білуімен, өзекті тақырып­тар­ды еш бүкпесіз жария­лауы­мен өзіне қарата білді. Оның шығармалары шы­найы­лығымен оқырман жүрегінен орын тапқаны анық. Ал 2012 жылы Нобель сыйлығын алғалы бері жазушы шығарма­ларына деген қызығушы­лық арта түскені жасырын емес. Себебі, ол – Қытай елінен шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының иегері.
Орыс баласы Ресейде қазақ радиосын ашты
Ресейде 9 сынып оқушысы қазақ тілінде ақпарат тарататын радио ашты. Енді Омбы қаласының тұрғындары таза қазақ тілді хабарламаларды онлайн режимде тыңдай алады екен.
Жүргізуші көлігінен 15 мың доллар тауып алған
Таиландтың Сисакет қаласында көлігінен 15, 600 мың доллар тауып алған жүргізуші ақшаны иесіне қайтарып берді. 39 жастағы Саравут Бунсаттха сөмкесін ұмыт қалдырған қожайынды да іздеп тапқан деп хабарлайды asiaone.com сайты.
Сербия әскері соғыс жағдайына өтті
Әскерилер жақындаған аумақтың қауіпсіздігін МиГ-29 сербиялық әскери әуе күштері қадағалауда
Беттер: Бұрынғы 1 ... 23 24 25 26 27 Келесі