Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылуына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, қазанның 10-ы күні Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылуына қатысады

Мемлекет басшысы қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады.