«Барселона» Вальверденің орнына кімді тағайындайтынын анықтады

Аргентиналық маманның келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген

«Барселона» Вальверденің орнына кімді тағайындайтынын анықтады

Каталониялық «Барселона» клубының бас бапкері ауысуы мүмкін. Қазіргі бапкер Эрнесто Вальвердеге жанкүйерлер көңілі толмай жүр.

Шетелдік БАҚ мәліметінше Вальверденің орнын басатын бірден бір кандидат ретінде Марсело Гальярдоның есімі аталуда. 

43 жастағы аргентиналық маман қазіргі таңда «Ривер Плейт» клубын жаттықтырады. Егер Вальверде жақын арада жағдайды қалыпқа келтіре алмаса, онда клуб тізгінін Гальярдо қолға алуы мүмкін.

marselo-galjardo_15262475621851191596.jpg

Бірақ осы уақытта «Ривер Плейт» Либертадорес кубогында бақ сынап жатқандықтан Гальярдо тап қазір «Барселонаға» бара қалуға құлықты емес көрінеді. Аргентиналық маманның аталған клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген.