Қазақстанда ет, көкөніс және жеміс қымбаттады

Биылғы қыркүйек айында Қазақстандағы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы 2018 жылғы қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 17,4% -ға қымбаттаған.

Қазақстанда ет, көкөніс және жеміс қымбаттады

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде 20,2% -ға, мал өнімдері 10,2% -ға өсті.

«2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында арпа 9,7%, жүгері – 7,5%, сұлы – 5,4%, қырыққабат – 4,2%, күріш – 2,8%, қара бидай – 2,8% қымбаттады»,– делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар, жыл басынан бастап қияр 20,5%, қарақұмық жармасы – 4,3%, картоп – 1%, кептірілген жасымық – 9% арзандаған.

«Ірі қара мал етінің бағасы 7,7% -ға, жылқы еті – 6,9% -ға, қой – 6,5% -ға, шошқа – 4,3% -ға, құс еті – 2,5% -ға өсті. Қойдың жүні – 1,9%, тауық жұмыртқасы – 2,9%, бал – 1,7% төмендеді»,– деп қорытындылады комитет.