Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі қандай?

Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемі былтыр  18,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 13,1 пайызға жоғары.

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі қандай?
Фото: Интернеттен алынды

Бұл жөнінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 21-ші отырысында айтылды.  

Ал осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы өзара сауда көлемі 0,8 пайызға көбейіп, 12,2 млрд долларға жеткен.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 19,5 пайызды құрайды.