"Зеленский" Мәскеу метросында не істеп жүр?

Мәскеу метросында Украина президенті Владимир Зеленскийге ұқсайтын азаматты әлдекімдер суретке түсіріп алыпты. Оның суреті Mash телеграм арнасында жарияланды.

"Зеленский" Мәскеу метросында не істеп жүр?

Сурет әлеуметтік желіде біраз резонанс тудырған. Кейіннен суреттегі украин басшысына ұқсайтын азаматтың Өзбекстан тумасы екені және есімі Үміт екені анықталды. Ресей астанасында ол отбасымен тұрады. Мәскеудегі автоқызметтердің бірінде жұмыс істейді.

«Мен бұрын Зеленскийдің кім екенін танымайтын едім. Сол 2016 жылы маған достарым сондай әзілкеш бар, соған ұқсайсың деп айтатын. Ол Украина президенті болғанда ғана таныдым», - дейді Үміт.

Оның бар арманы отбасымен бақытты өмір сүру. Ал өзіне ұқсаған сыңарына Үміт тек денсаулық пен бақыт тіледі.